BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Руслан Құсайынұлы: Ұлт денсаулығы – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет Басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында медициналық қызметтің сапасы халықтың әлеуметтік жағдайының маңызды компоненті ретінде белгіленді.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін, әсіресе ауылдық жерлерде арттыру керектігін айтты.

Осыған байланысты Руслан Құсайынұлы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары пікір білдірді.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дамуы – бұл қоғамдық денсаулықтың да дамуы, өйткені, біздің орталығымыздың қызметі ең алдымен қоғамдық денсаулықты сақтауға және жақсартуға, аурулардың алдын алуға бағытталған. Ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек медициналық көмек көрсету жүйесінің негізі бола отырып, аурулардың және жағдайлардың алдын алу, диагностикалау, емдеу, медициналық оңалту, жүктілікті бақылау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және халық арасында санитариялық-гигиеналық ағарту жұмыстарын жүргізу сияқты іс-шараларын құрайды», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда отбасы денсаулығын нығайтуға негізделген денсаулық сақтау саласының алғашқы буынына басты назар аударылған, әлеуметтік бағыттағы модель ойдағыдай іске асырылуда.

«Бұл өз кезегінде отбасылық дәрігерден, мейірбикеден, әлеуметтік қызметкерден және психологтан тұратын мамандар командасының жұмысы арқылы кешенді көмек көрсетудегі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мүмкіндіктері кеңейтіліп, пациентердің мәселелерін шешуге жағдай жасайды. Осылайша, медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің дамуын анықтайтын маңызды, «аурудан деннің сау болуына дейін» және «емдеудің орнына оқыту және қамқор болу» принциптері жүзеге асырылады.

Елбасының Жолдауын іске асыру шеңберінде біз халық денсаулығына қамқор болуға, жарақат алуларды болдырмауға, негізгі инфекциялық емес аурулардың алдын алуға, дұрыс тамақтануға, скринингтерге, темекі тартуды, тұзды, трансмайларды пайдалануды азайту бойынша заңнамалық бастамалар жасауға бағытталған шараларды ары қарай жалғастыратын боламыз.

Қазақстан, осы жылы 40 жылдығы аталып өткен Алматы Декларациясының ұстанушысы бола отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дамуына ерекше назар аударып, оның принциптерін кезең-кезеңмен орындауда. Іске арылып жатқан 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Алматы Декларациясының принциптерімен үйлеседі.

Бүкіл жұмыстың нәтижесі халыққа денсаулық сақтаудың алғашқы буынының, әсіресе ауылдық жерлерде қолжетімділігі мен сапасы, профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін арттыру, аурулардың алдын алу болып табылуы керек.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметкерлері – адаммен алғашқы болып кездесетін денсаулық сақтау жүйесіндегі мамандар. Біздің әріптестеріміз – ауруларды басқаруда жаңа әдістерді енгізетін учаскелік медицина қызметкерлерінің 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақылары өсетіні қуантады», - дейді Руслан Құсайынұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер