BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министр ШОБ үшін салықтық амнистия қалай жүргізілетінін түсіндірді

Астана. BAQ.kz тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия қалай жүргізілетінін түсіндірді.

«Амнистия тек қана шағын және орта бизнеске қатысты. Ол осы жылдың 1 қазанында қалыптасқан берешектері бойынша жүргізіледі. Қазіргі таңда біз тиісті заңнамаға өзгерістерді енгізу жайын қарастырып жатырмыз. Берешектерді алып тастау 2019 жылдың басынан 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Яғни шағын және орта бизнес өкілдері өзінің берешегін төлейтін болса, біз оның үстіне қосылған барлық айыппұлды кешіреміз», - деді министр «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда қаржылық қамтамасыз ету» тақырыбында өткен брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария еткен. Онда Мемлекет басшысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізілетінін мәлім еткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер