BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжіліс депутаттары Жетісу өңіріне барды

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс депутаттары Серік Үмбетов, Бақытжан Ертаев, Зағипа Балиева, Нұрлан Дулатбеков, Жексенбай Дүйсебаев Мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында Алматы облысындағы Талғар ауданындағы Кеңдала ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Биылғы Жолдау осыған дейін жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалардың заңды жалғасы. Халқымыздың әл-ауқатын, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер нақты шешімін табатын болады. Яғни, әр отбасының, әрбір адамның жағдайын, тіршілік ортасын жақсартуға арналған. Елбасының дәстүрлі Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, мемлекеттік қызметтің тиімділігін көтеру сияқты күнделікті өмірдегі мәселелерге ерекше мән беріліп отыр, - деді депутат Нұрлан Дулатбеков.

Кездесуде Талғар қаласындағы №1 орта мектеп директоры Замзагуль Мушрапилова ұстаздар қауымының беделін көтеруге қатысты пікір білдірсе, ауыл жастары да «Жастар жылына» байланысты келер жылға жоспарланған шаралар туралы айтты.

«Елбасы Жолдауының әр тармағы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеріп, табысы мен тұрмысын жақсартуға бағытталған. Біз бұл жұмысты бірлесіп жасауымыз керек. Ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеру, жастарға демеу көрсетіп, болашағына дұрыс бағыт-бағдар берсек қана, егемен еліміздің тұғыры бекем, тіршілігі бейбіт болмақ. Елбасы ұсынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы Кеңдала ауылының тұрғындарының көңілінен шықты. Біз жоба аясында келер жылға қойған мақсат міндеттеріміз көп, азаматтарымыздың қолдауы да бар», - деді Кеңдала ауылының әкімі Алмас Өмірзақов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер