BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Маңғыстауда депутаттар халықпен кездесті

Ақтау, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары М.Чирков, А.Тасболатов, Б. Ізмұхамбетов және А. Мурадов Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесті.

Депутаттар облыстағы сапарлары барысында Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылындағы «Шлюмберже» мега-базасының жұмысымен танысты.

Халық қалаулылары Жолдаудың басым бағыттарына, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына баса назар аударды. Атап айтқанда, зейнетақы, жалақы, денсаулық сақтау, білім беру салаларының қолжетімділігін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше мән берілді.

Шлюмберже компаниясы әлемнің 80-ге жуық елдерінде істейтін, 140 түрлі ұлттан тұратын 100 мыңға жуық жұмыскерлері бар дүниежүзілік ірі мұнай саласындағы қызмет көрсету корпорациясы. Шлюмберже сейсмикалық ақпарат пен формацияның дамуы процесі, ұңғы тесті мен тура бұрғылау, ұңғы цементтеу мен қоздыру, жасанды көтеру, ұңғыны аяқтау және консалтинг, бағдарламалар мен ақпаратты басқару сияқты кең ауқымды өнімдер мен қызметтер ұсынады.

Бүгінгі таңда компанияның Маңғыстау облысындағы базасында 300-ге жуық адам еңбек етуде.

Кездесуде еңбек ұжымы халық қалаулыларына өз-ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер