BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазан Жолдауы: Стратегиялық құжат отандық онкологиялық қызметтің дамуына серпін береді

Фото: Автор

Ертіс өңірінің медицина мамандары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған Астана қаласында онкологиялық орталықты салу қажеттілігі туралы пікіріне үн қосты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Мемлекет басшысы стратегиялық құжатта 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керектігін айтты. Осылайша, көптеген адам өмірін сақтап қаламыз. Облыс дәрігерлерінің пікірінше, Елордада құрылатын заманауи емдеу орталығы өзге аймақтарға үлгі болады.

«Бұл бастаманы қолдаймыз. Себебі, бүгінде Павлодар облысында обыр ауруымен күрес жұмысы өткір тұрғаны белгілі. Ал Астанада жаңадан онкологиялық орталық ашылса, инновациялық технологиялар қолданысқа енгізіліп, тәжірибе алмасы мүмкіндігі пайда болатыны сөзсіз. Өңіріміз онкологиялық ауруларға шалығу көрсеткіштері бойынша көш басында екенін ескерсек, саланы барынша дамыту керек. Бұл бағытта өңірдегі әр емханада онколог-маман жұмыс істейді. Сонымен қатар, 9 корпустан тұратын алып диспансер салынып жатыр. Дегенмен, салан дамыту керек», - дейді жоғары санаттағы акушер-дәрігер Айман Оспанова.

Еске салсақ, қатерлі Павлодар облысында онкологиялық диспансердің есебінде 11 мыңға жуық сырқат тұр. Олардың қатары жыл сайын 2 мыңға көбейіп отырады.

Аймақта көрсеткішті алдын алу мақсатында заманауи медициналық дәістер қолданысқа енгізіліп, жаңа онкологиялық диспансер кешені бой көтеруде. Сала мамандарының мәліметінше, былтыр көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 316 адамды құрады.

Мамандар көрсеткіш онкологиялық диспансерді қолданысқа берген соң төмендей түсетініне сенімді. Келесі жылы қолданысқа берілетін жаңа медициналық нысанның құрылысы 70%-ға аяқталған. 2019 жылдың басына дейін инженерлік желілердің барлығы тартылады. Кейін медициналық жабдықтар әкелініп, орнатылады. Кешеннің құрылысына республикалық бюджеттен 7 млрд. теңге бөлінген. Кешен құрамында 200 орындық емхана, 100 адам қабылдауға шақталған стационар, операциялық блок бар. Нысанның жалпы аумағы екі гектарды құрайды.

Айта кетейік, кешенді жабдықтауға ісікке шалдыққан азаматтардың 70%-ын емдеуде қолданылатын сәулелі үдеткіш орнатылады. Әзірге құрал-жабдық әкелінген жоқ. Оны сатып алуға 1 млрд. 800 млн. теңге қажет етіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер