BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бұқаралық спортты дамытуда кедергі болмауы тиіс – Станеев

Фото: ашық дереккөзден

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырды.

Қазақша күрестен ел чемпионы Леонид Станеев өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру спорттың дамуына үлкен серпін беретінін айтады.

«Айтулы Жолдауда спорттың дамуына қатысты жақсы ойлар айтылды. Енді спорт жасөспірім шақтан бастап жастарға да, үлкендерге де қолжетімді болмақ. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қалада спорт алаңдары көптеп ашылуда. Биыл 15 аула жөнделіп, спорт алаңы ашылады деп күтілуде. Әрі бұл іске жергілікті кәсіпкерлер де мойын бұра бастады. Айталық, «Гормолзавод» серіктестігі облыс орталығында спорттық воркаут алаңын орнатуды қолға алды. Өзім бала кезімде ауладан шықпай-ақ үй маңындағы балалар алаңқайларында спортпен айналысуға мүмкіндік қарастырылған болатын. Бұл біздің қазіргі күні спорт саласында үлкен жетістіктерге жетуімізге себепші болды. Сондықтан, менің ойымша, Елбасы айтқандай, спорт алаңдарын көбейту арқылы Қазақстанның спорт саласын дамытамыз. Бұқаралық спортты дамытуда кедергі болмауы тиіс», – дейді қазақша күрестен ел чемпионы Леонид Станеев.

Оның пайымдауынша, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет.

«Егер әр аулада спорт алаңдары болса, жақсы болушы еді. Өйткені бәрі бірдей спорт залдарына келе бермейді. Сондықтан, балалар өз ауласында-ақ секіріп, жүгіріп, спортпен шұғылдана алар еді. Сондай-ақ Көкшетауда оқушылар мен студенттерге 50 пайыз жеңілдік жасалатын бассейн бар. Жалпы облыста 2 мыңға жуық спорт мекемесі бар. Оның жартысына жуығы елді мекендерде орналасқан. Алдағы уақытта олардың саны тағы ұлғайтылмақ. Елбасының жүктеген тапсырмасы да осы – спортпен шұғылдану үшін бар жағдай қарастырылуы керек. Бұқаралық спорт – ұрпақ саулығының кепілі», - дейді Леонид Станеев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер