BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дамудың жаңа жолы нұсқалған – С.Аяғанов

Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалык, әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталуымен құнды. Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғановтың айтуынша, Елбасының кезекті Жолдауы Қазақстан дамуының жаңа жолын нұсқаған құжат, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің Ақмола облысындағы тілшісі.

«Тұңғыш Президент елдің егемендік алып, өз жолын бастауын бірінші жаңғыру, «Қазақстан-2030» стратегиясын қабылдау мен елорданың Астанаға көшірілуін екінші жаңғыру дей келіп, осы тәжірибелерді жинақтай келе, алға батыл қадам басып, үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз дейді. Сөйтіп, біз тәуелсіз еліміздің алға басуының жаңа бір тарихи, дүбірлі кезеңінің куәсі болғалы отырмыз. Әрине, осыған дейінгі атқарылған істер, қабылданған бағдарламалар алдағы жетістіктеріміздің іргетасы болмақ. «Өткенсіз бүгін жоқ» демекші, бұған дейін өзіміздің талай-талай асқаралы істердің басы-қасында болып, айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенімізді, алтын уақытты босқа өткізбегініміз де көріп, көңіл толатыны да рас. Ұлт көшбасының ұстанған сындарлы саясатының арқасында елімізде әрдайым тыныштық, береке-бірліктің болып, сол ұйысқан қоғам биік белестерді бағындыра алды»,–дейді Серік Аяғанов.

Елбасы Жолдауда еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өткенін, қол жеткізген табыстарымыз бен жетістіктерімізді бүкіл әлем жоғары бағалайтынын атап өткен.

«Осы бір-екі ауыз сөздің астарына үңілсеңіз, көп нәрсенің байыбына барасыз. Тәуелсіз Қазақстанды әлем бейбітшілікке, татулыққа ұмтылған, қай қиырдағы болмасын небір шиеленіскен тартыстарды шешуге күш салған, өз ұстанымын үлгі еткен жүзі жарқын беделді де белсенді ел ретінде біледі. Оған мысалды Қазақстанның әр жылынан, әр күнінен көруге болады.

Елбасының алдағы, ендігі жаңғыруға ұсынып отырған жолы да серпінді де, батыл жол. Оның бірінші басымдығы ретінде экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы алынған. «Елде 3D–принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын» деп түйген Елбасы алдағы бағытты айқын көрсетті.

Сөйтіп, еліміз дамудың жаңа жолына түсіп, бүгінгіден де жаңғырмақ, жаңармақ. Баршамыздың мақсатымыз – осы тапсырмаларды орындап, жаңғыруға үлесімізді қосуымыз керек. Себебі ол – Тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуының, алға басуының кепілі»–дейді С.Аяғанов.

Фото автордікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер