BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан елшіліктеріне күніне 300-ден аса қандасымыз визаға өтініш береді – Мұхтар Тілеуберді

Фото: azh.kz

Қазақстанның шетелдердегі елшіліктеріне күніне 300-ден аса этникалық қазақтан виза алу үшін өтініш келіп түседі. Биыл 1 қаңтардан бері шет мемлекеттегі қандастарымызға 3 жылға көп мәртелі виза беріле бастады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын талқылау кезінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Вице-министр Мұхтар Тілеуберді жаңадан ұсынылып жатқан 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасында шетелдердегі қазақ диаспорасына ерекше назар аударылып отырғанын айтты.

«Статистикаға сәйкес 2016 жылы шетелдегі этникалық қазақтарға 81 756 , ал 2017 жылы 1 қаңтардан 15 қыркүйек аралығында 56 440 виза берілді. ҚР-дың шетелдердегі мекемелеріне қазақстандық визаларды рәсімдеу үшін күнделікті 300-ден аса этникалық қазақ өтініш білдіреді. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші рет визаға өтініш берген қандастарымызға 1 жыл көп мәрте, ал екінші реттен бастап өтініш берген қазақтарға 3 жыл көп мәртеге ақысыз виза берілді», - деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

Мұхтар Бескенұлы ҚР елшіліктері шетелдерде тұратын этникалық қазақтарға қатысты өзекті мәселелерді шешу бойынша арнайы бағытталған жұмыстарды жүргізетінін айта келіп, көші-қон жүйесін реттеу және шеттегі қандастарымызды қабылдауға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұсынылған тұжырымдаманы қабылдау орынды екенін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер