BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандықтардың әлі бірнеше ұрпағы ядролық сынақтардың зардабын тартатын болады – Н.Назарбаев

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Ядролық қарусыз әлем құру» атты Халықаралық конференцияда сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын жабу жолындағы қиыншылықтарды еске алып, әлем қауымдастығына тағы бір мәрте үндеу жасады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ширек ғасыр бұрын милитаризмнің ең зұлым тәжірибесі тоқтатылған болатын. 40 жыл бойы ол біздің жерімізді және біздің халқымызды қинап келді. Ол кезде әлем қауымдастығы ядролық сынақтарды азайтып, оған мораторий жариялаудан аса алмайтын. Біз болсақ, дүниежүзі бойынша алғаш рет ең үлкен ядролық сынақ алаңы – Семей полигонын ресми түрде жапқан болатынбыз. Осыдан кейін жетекші державалардың полигондары «үнсіз» қалды. Дегенмен, әлі күнге дейін жабылған жоқ. Қазақстан бірінші болып осындай қадамға барды. Бұл халықтың шешімі, халықтың қалауы еді», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Президент атом энергиясының ғылым үшін үлкен жаңалық болғанын айта келе, оны әскери мақсатта пайдалану адамзат үшін аса үлкен қауіп екенін жеткізді. Ғалымдардың өздері ондай соғыста жеңімпаздың болмайтынын мойындап отыр.


«Сондықтан Қазақстанның Семей полигонын жабу саласындағы үлкен тәжірибесін пайдаланып, қазірден бастап ядролық қару саласындағы жағдайды жақсарту аса маңызды. Қазақстан полигонды жабу туралы шешімді қабылдағанда әлі де Кеңес одағы құрамында болған. Сондықтан ол кезде әскери басқарушы машинаның қарсылығы қатты болды. Олар сынақтар үшін полигонды сақтап қалуды көздеді. Себебі Семей полигоны жерінде үлкен әскери және ғылыми база болған. Шыны керек, өз ішімізде ядролық держава мәртебесін сақтауды қалаған азаматтар аз болған жоқ. Соған қарамастан, біз дұрыс шешімді қабылдадық. Өкінішке қарай, қазақстандықтардың әлі бірнеше ұрпағы ядролық сынақтардың зардабын сезетін болады»,- деді Президент.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер