BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы: Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығы - ядролық қаруға қарсы күрестiң жаңа кезеңiнiң бастауына жақсы себеп

Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығы - ядролық қаруға қарсы күрестiң жаңа кезеңiнiң бастауына жақсы себеп. Бұл туралы Елбасы Тәуелсiздiк сарайында өтiп жатқан Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференция барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Семей полигонында барлығы 456 термоядролық заряд сынақтан өттi. Полигон маңындағы 300 мың шаршы шақырым аумақта 1,5 млн жуық адам тұрды. Ал Кеңес әскери басшылығының Қазақстан аумағында полигон орналастыру құжаттамасында бұнда адамдар тұрмайды деген сөздер бар. Сондықтан, полигон ғана емес, оның жанындағы аумақтар да радиоактивтi сәулеленуге ұшырады», - дедi Мемлекет басшысы.

ҚР Президентiнiң айтуынша, мамандардың есептеуi бойынша зиянды сәулелендiруге ұшырағандар саны 500 мыңға жуықтайды дедi. «Қазақстандықтардың бiрнеше ұрпағы қауiптi сынақтардың зардабын әлi де сезетiн болады», - дедi Н.Назарбаев.

Осылайша, Елбасы Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығы - бұл ядролық қаруды азайту және оған толық тыйым салу бойынша күрестiң жаңа кезеңiнiң бастауына жақсы себеп дедi.

Атап өтсек, бүгiнгi форум БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес жыл сайын аталып өтетiн Халықаралық ядролық сынаққа қарсы iс-қимыл күнi аясында өтiп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
07 Қараша 2017, 13:05
МЕНДЕГІ ӨМІР БАСҚА...
Пікірлер