BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тіркеу науқаны: Профильді дəрігердің жетіспеуі – пациенттің емес, емхананың проблемасы  Эксклюзив

Фото: Отырар.тв

Қазақстанда 15 қыркүйекте халықты емханаға тіркеу науқаны басталды. Екі айға жалғасатын шара барысында қазақстандықтар қалаған медициналық мекемесіне тіркеле алады. Baq.kz тілшісі ауруханалар профильді дəрігерлердің, зерттеу мен талдау түрлерінің жетіспеушілігі проблемасын қалай шешетінін анықтаған еді.

Тілшінің бұл сұрағына Астана қаласының №1 емханасының дəрігері Нағима Əубəкірова жауап берді.

"Сіз тіркелген ауруханада профильді дəрігерлер болмаған жағдайда медициналық мекеме сондай мамандары бар басқа орталықтарға сізді жолдап отыруы тиіс. Қазіргі таңда емханалар қажетті мамандары бар мекемелермен субподряд келісімшарт жасасқан. Сізді сол бойынша бағыттайды. Бұл - сіздің емес, сіз тіркелген аурухананың проблемасы. Яғни, сіз көмексіз қалмайсыз", - деді Н.Əубəкірова Астана әкімдігінде өткен жиында.

Сондай-ақ, маман мекемелерде жасалмайтын кейбір медициналық зерттеу мен талдау түрлеріне қатысты түсініктеме берді.

"Елімізде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі деген бағдарлама бар. Соған кіретін медициналық көмектің барлығы тегін көрсетілуі тиіс. Егер сіз тіркелген емханада мəселен ФГДС, УЗД тексерістері не басқа тексеріс пен талдау түрлері жетіспесе, жаңа мен жоғарыда айтқан келісімшарт бойынша пациент солар бар мекемеге жолданады. Егер сізге қажетті көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмесе, онда ақылы түріне баруға тура келеді. Бұл жағдайда қай аурухана, қай жекеменшік орталыққа баратыныңызды өзіңіз шешесіз", - деп жауап берді Нағима Əубəкірова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер