BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Менингиттен емделмегендердің 50 % қайтыс болады – ДДСҰ

Менингококк инфекциясын жұқтырғандар дер кезінде ем қабылдамаса, дәрігерге жүгінбей өздігінен емделсе, онда мұндай жағдайлардың 50 проценті өлімге әкеп соғады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Татьяна Колпакова айтты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Қазіргі жағдай қаншалықты ауыр екенін түсінуіміз керек. Себебі емделмеген жағдайдың 50 проценті өлімге әкеп соғады. Яғни, бұл – өте қауіпті ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы медициналық көмек көрсеткен жағдайда да 5-15 проценті өліммен аяқталады дегенді айтып отыр. Адам көз алдымызда бірнеше сағаттың ішінде қайтыс болып кетуі мүмкін. Қазақстанда көмек көрсетуге қажетті жабдықтар мен мамандар, лабароториялық кабинеттер жеткілікті. Сол себепті мамандардың көмегінен бас тартпау керек», - деді Татьяна Колпакова.

Айта кетейік, Қазақстанда менингококк инфекциясын жұқтырғандардың ішінде 58 адамда расталды. Сонымен қатар, елімізде ауырғандарда инфекцияның 3 түрі кездесті. Бүгін Қазақстан бойынша менингококк инфекциясын жұқтырған адамдармен байланысқа түскен 4136 адам анықталды. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының айтуынша, рамазан айында ауызашардан кейін тұрғындар тарауих намазына жығылу үшін мешітке барады да, менингококк инфекциясын жұқтырады. Себебі мешітте адамдар бір-біріне өте жақын отырады және ғимараттың ішінде ауа тар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер