BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәртебесі анықталған тұлғалар МӘМС бойынша тегін қызмет алуға құқылы – Отыншиев

Фото: Автор

2020 жылдан бастап Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру енгізіледі және мемлекет 14 санат бойынша өзі төлем жасайды. Мәртебесі анықталған тұлғалар осы міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша тегін қызметті алуға құықылы. Бұл жайында Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мейіржан Отыншиев Алматыда өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Басқарма басшысы осыған байланысты қазір Алматы қаласында әлеуметтік мәселелерді анықтау және өзектендіруде бейресми жұмыспен қамтылғандарды ресми түрде рәсімдеуде жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.

2017 жылдан бері Алматыда бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, ел экономикасын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тарту мақсатында жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ Алматы әкімінің 2018-2019 жылдарға арналған «Жол картасы» ұйымдастыру іс-шаралар жоспары бекітіліп, азаматтарды заңдастыру және нәтижелі жұмыспен қамту бойынша қалалық штаб құрылған.

«Жол каратсы» аясында азаматтардың әлеуметтік мәртебелерін анықтау, өзектендіруде кең ауқымды іс-шаралар жүргізілді. Үй-үйді аралау жолымен азаматтардың мәртебелерін нақтылау жүргізілді. Сондай-ақ ол жерде халықты ақпаратық түсіндіру жұмыстары мен сауалнама жүргізіп отырды. Сонымен қатар, қаладағы базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, құрылыс алаңдарында жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Осының нәтижесінде 3200 жуық жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелді және еңбек келісімшартынсыз жұмыс істеп келген 1400 жуық жалдамалы жұмысшы заңдастырылды», - дейді ол.

2017 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласы бойынша әлеуметтік мәртебесі жоқ тұлғалардың ішінен 346,8 мың адамның 3,8 пайызының мәртебесі анықталған. Осы жылдың басынан 234,3 мың мәртебесі жоқ тұлғаның ішінен 111,2 мың адамның немесе 47,4% мәртебесі нақытланыпты, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер – 36,5 мың, ЖК ретінде тіркелгендер – 1,2 мың, жұмыссыздар – 1,7 мың. Өзектендірілмеген тұлғалардың саны 123,2 мың адамды құраған. Олардың басым бөлігі өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар және тіркелмеген жұмыссыздар екен.

«Үй-үйді аралау, қоңырау шалу және хабарлама жолдау нәтижесінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны ағымдағы жыл басынан 121,2 мың адамнан 84 мың адамға дейін, яғни 37,2 мың адамға төмендеді. Мұның бәрі не үшін керек дегенге келсек, 2020 жылдан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру енгізіледі және мемлекет 14 санат бойынша өзі төлем жасайды. Тұлғалардың мәртебесі анықталған жағдайда олар осы міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша тегін қызметті алуға құықтары болады», - дейді М. Отыншиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер