BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

Фото: Turkystan.kz

Қазір кәсіподақтар еліміздің әр аймағында еңбек ұжымдарымен кездесіп, жобаны жүзеге асыру барысын талқылауға кірісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров осы мәселе бойынша Жамбыл облысына арнайы іс-сапармен барып, студент жастармен кездесті. Мұнда қоғамдық-саяси және еңбек жолы өзгелерге үлгі болатын жастарды таңдап, жобаға қатыстыру жайы сөз болды. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының негізгі мақсаты – егеменді еліміздің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды насихаттау.

«Өзінің қоғамдық миссиясы болу керек, сонымен бірге осы еліміздің патриоты болу қажет. Халықаралық тенденцияларға сәйкес жаңашыл жобалары болса, осындай азаматтарды іздеп жүрміз», - дейді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер