BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан Ресейдің фармакология нарығында көш бастады

Осыған дейін бұл салада Мәскеудің негізгі серіктесі Минск болатын. Бірақ беларус фармацевтері оңайлықпен берілмейміз деп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24 хабар арнасына сілтеме жасап.

Олар дәрі-дәрмек тасымалын қайтадан жандандыру үшін бар күшін салып жатыр.

5 жылдан астам уақыт бойы Ресейде сатылатын медициналық препараттардың басым көпшілігі Беларуссиядан тасымалданатын. Енді негізгі тасымалдаушы ауысты. Алғашқы орындағы Минскті Астана алмастырды. Ресейлік мамандардың айтуынша, нарықты жаулау жолында Қазақстан таңдаған бағыт дұрыс көрінеді. Яғни қазақстандық фармацевттер дәрі-дәрмектің санына емес, сапасына баса назар аударады.

«Бұл таңданатын жағдай емес. Фармакологияда бастысы сапа. Себебі бұл жерде адамның денсаулығы баса назарда болады. Қазақстанның аталған сала бойынша 20 жылдық тәжірибесі бар. Сондықтан дәл қазір екі ел арасындағы бәсекелестік жағдайында сіздердің елдеріңіз мықты деуге толық негіз бар», -деді фармакологиялық компанияның менеджері Дарья Маловичко.

Соңғы жылдары ірі компаниялар дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін жасап шығаруға ерекше көңіл бөліп жатыр. Әсіресе денеге жапсыру және ингаляциялық, яғни дем алу арқылы әсер ететін препараттарға сұраныс жоғары. Міне Астана осы бағытты қолға алып, дамыту арқылы ілгері қадам жасады. Ресейлік сарапшылар осындай пікірде. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ нарығында да Қазақстандық компаниялардың үлесі артып келеді.

«Біздегі мәліметтерге сүйенсек, соңғы жарты жылда Ресейге тасымал бойынша Беларуссияның үлесі 70 пайызға жетті. Былтыр бұл көрсеткіш 92 пайыз болған. Ал Қазақстанға келсек, бұл елдің үлесі 7-ден 29 пайызға жетті. Екі мемлекеттің де көрсеткіштері жақсарып келеді. Әзірге бұл кезеңде Қазақстанда бәсекелес жоқ», - деді бизнес-сарапшы Изольда Целиниченко.

Ресейге Қазақстан мен Беларуссиядан тасымалданатын дәрі-дәрмектің саны көбейгенімен екі ел арасында тікелей бәсекелестік жоқ. Себебі тараптар құрамы мен қолданылу мақсаты бөлек препараттар саудасымен айналысады. Сондай-ақ тағы бір тарап – жергілікті компаниялар да өз өнімдерін өткізуге тырысып жатыр. Алайда бұл үштіктің арасында әзірге Астананың айы оңынан туып тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер