BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қайырымдылық велошеруі кезінде кейбір көшелер ішінара жабылады

Фото: astana.gov.kz

22 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-ның бастамасымен өтетін велошеру барысында қаламыздың сол жағалауындағы көшелер ішінара жабылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мына көшелер қысқа мерзімге жабылады: Тұран даңғылы бойымен Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы дала көшесіне дейін, одан ары Ұлы Дала көшесі бойымен Тұран даңғылынан Мәңгілік ел көшесіне дейін, Мәңгілік ел көшесі бойымен Ұлы дала көшесінен бастап Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін, ары қарай Керей, Жәнібек хандар көшесі бойымен Тұран даңғылына дейін.

Осыған байланысты елордалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін астана тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды ұсынады.

Еске сала кетейік, велошеру «Сау жүрек айлығы – 2018» жалпы атауымен шаралар сериясының шеңберінде өткізіліп жатыр, мақсаты – халық арасында жүрек ауруының көбейіп бара жатқанын ескерту. Шарадан түскен барлық қаржы кардиохирургия саласындағы білім мен ғылымды дамытуға бағытталады. Қайырымдылық шарасының басты ұйымдастырушысы «Жүрек орталығы» корпоративтік қоры, ол «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ бастамасымен құрылған. Қор емханадағы ғылыми-білім беру қызметін дамыту мақсатында құрылды, сондай-ақ республикадағы барлық кардиохирургиялық ғылымды жетілдіруге арналған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
04 Қаңтар 2019, 17:14
Қайырымдылық
Пікірлер