BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Фармацевтика өнімдері халықаралық ұйымдарға таныстырылады

Фото: anandabazar.com

Қырғыз Республикасының Ош қаласында қазақстандық өңделген өнімді гуманитарлық сатып алу нарығында кеңінен таныстыру, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға және сатып алу компанияларына көрсету мақсатында «MedExpo Yug» халықаралық мамандандырылған көрмесі жұмысын бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көрмеге «Dolce» ЖШС, «Planta» ЖШС, «Juldyz Kenan Co.LTD ЖШС, «ТК ФАРМ АКТОБЕ» ЖШС және «Химфарм» АҚ секілді қазақстандық фармацевтика өнімдерін өндірушілер қатысады. Осы іс-шара шеңберінде UNDP, БҰҰ, USAID, OCHA сияқты және басқа да көптеген халықаралық гуманитарлық ұйымдардың алдында отандық фармацевтика өнімдерінің таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр.

«MedExpo Yug Орталық Азияның барлық өңірінен импорттаушылар мен сатып алушыларды жинап жатыр. Бұл қазақстандық компанияларға қырғыз сатып алушыларымен байланыс орнатып қана қоймай, өз өнімін басқа елдерге экспорттауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілі Ануар Бейсеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер