BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.82
Астана:

Екібастұз перзентханасы 30 жылдан кейін күрделі жөндеуден өтті

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. Ғимаратқа 30 жылдың ішінде алғашқы рет жөндеу жұмыстары жасалған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жалпы құрылыс жұмыстарымен қатар, ғимараттың қасбеті жөнделді, сондай-ақ әрлеу және сырлау жұмыстары жасалды.

«Перзентхананы күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 203 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Жұмыстар шілде айында басталды. Мердігер – «Су НВК» ЖШС», - деп жазылған хабарламада.

Бұған қоса, қалалық мәслихаттың депутаты Николай Арсютин өз есебінен кіші ота залына жөндеу жүргізу үшін 1,2 миллион теңге қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ, «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі перзентхананың қасбетін сырлауға сегіз миллион теңге қаржы бөлді.

Перзентханаға екі наркоз аппараты және бес тыныс алу аппараты, екі жүк лифті сатып алынды. Екібастұз перзентханасы мен Баянауыл ауданының жүкті және жаңа босанған әйелдеріне медициналық көмек көрсетеді.

Перзентхана 105 төсекке есептелген. Ағымдағы жылдың 11 айында перзентханада 2000-нан астам нәресте дүниеге келді. Соңғы үш жылда және 2018 жылдың 11 айында Екібастұз өңірі бойынша ана өлімі тіркелген жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер