BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дəрігерлердің жалақысын өсіреміз - Елжан Біртанов 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дəрігерлердің жалақысы кезең-кезеңмен өсетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Ауыр халде жатқан науқастардың емделуі анестезиолог-реаниматологтардың жұмысына байланысты. Бұл мамандардың жетіспеушілігі бірінші кезекте жұмыстың ауырлығымен жəне тәуекелдің көптігімен байланысты. Анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог пен педиатрлар қылмыстық-əкімшілік қудалауға жиі ұшырайды. Сəйкесінше, мамандар осылайша тәуекел еткісі келмейді. Олар бізге қоғамдағы өздеріне деген жағымсыз көзқарас туралы айтады. Осылайша, тығырыққа тірелеміз. Біз дəрігерлерді сынаған сайын кадрлар жұмыстан кетіп жатады. Шынын айтсақ, мəселе жалақыда да шығар. Бірақ, менің əріптестерім - дəрігерлер бұл бірінші мəселе емес дейді. Бірінші кезекте - моральдық - психологиялық жағдай. Сондықтан, біз жасап жатқан жол картасы осы проблемаларды шешуге, оларды кәсіби жағынан қорғауға, материалдық ынталандыруға бағытталады", - деді Біртанов.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ведомство интенсивті терапияда жұмыс істейтін анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог пен педиатрлардың жалақысын өсіру мүмкіндігі бойынша есептеулер жүргізіп жатыр.

"Əрине, медициналық қызметкерлердің еңбекақысын көтергіміз келеді. Олардың жалақысы ЭЫДҰ елдеріндегідей орташа экономикада 2,5 есе жоғары болуы тиіс. Əзірге, бізде 85 пайыз. Дегенмен, бізде жоспарлар мен жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі бар. Біз келесі жылдың соңына дейін 110 пайызға, одан кейін 150 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осылайша кезең - кезеңмен мамандардың жалақысын өсіреміз", - деді Е.Біртанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ведомство басшысы мемлекеттік мекемелердің 85 пайызында айлықтарын көтеру мүмкіндіктері бар дейді. Бұны қазір мемлекет бекітпейді екен. Ең жоғары айлық Батыс Қазақстанда, Астанада, ал ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстанда тіркелген.

"Бұл ауруханалардың мүмкіндіктеріне, кірістеріне байланысты. Дегенмен, барлығы бас дəрігерлердің қолында. Біз медициналық қызметтерді қаржыландыру тарифтерін мүмкіндігінше жыл сайын көтереміз. Одан кейін əкімшілік шығыстарды қысқартып, қысқартылған ақшаны дəрігерлердің жалақысына жіберуге болады. Осының барлығын қарастырып жатырмыз", - деп түйіндеді Елжан Біртанов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер