BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің бөлшек бағасын реттей бастайды

Фото: Kapital.kz

2019 жылдан бастап дәрі-дәрмек бағасын бақылау қоғамдық мониторинг және үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтты.

«Біз бүгін сіздерге дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу нобайын көрсеттік. Бұрын біз бағаны тек кепілді көлемде ғана, яғни мемлекеттік сатып алулар арқылы ғана реттейтін болсақ, бөлшек саудада бізде мұндай құзірет болмаған. Мемлекет басшысы бізге бөлшек сауда желісінде сатылатын дәрі-дәрмектердің бағасын реттеуді тапсырған, ал біз реттеу үлгісін ұсынып отырмыз», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол дәрі-дәрмектер бағасы қоғамдық мониторинг және үкіметтік емес ұйымдар арқылы бақыланатынын айтты.

«Мұндай жағдайда әр азамат сатып алған дәрінің шекті бағасы қандай екенін біледі, яғни бұл туралы ақпарат сайтта ашық түрде жарияланады. Егер дәрі-дәрмек бағасына шағымданған жағдайда ол жерде тексеру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік жаза қолданылады. Қазіргі уақытта заң жобасы Мәжілісте. 2019 жылдың 1 қаңтарында аталған нормативті құжат күшіне енеді», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер