BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бір айда медициналық сақтандыру қорына 9 млрд теңгеден астам қаржы түсті

Фото: azh.kz

2018 жылдың ақпан айында медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 9 млрд тенгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 28 ақпаны аралығында түскен соманың жалпы көлемі 47 млрд теңгені құрап отыр.

«Оның 39 млрд теңгесі немесе 83 пайызға жуығы жұмыс берушілердің өз қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8 млрд теңге (17 пайызға жуық) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда, сақтандыру төлемдерін төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр», - деп жазылған хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер