BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл Медициналық сақтандыру қоры жаңа  мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді

2018 жылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» қазақстандықтарға сақтандыру төлемдері жайлы мәлімет алуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін әзірлеп, емханаға тіркеу қызметін жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің жоспарымыз бойынша, осы тоқсан соңында азаматтар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) қатысу және төленген жарналар туралы мәліметті Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы ала алады. Мысалы, қазір осыған ұқсас қызметтерді «Электронды үкіметтің» egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат «жеке кабинетке» кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтап біле алады», - деді ол.

Осы орайда Елена Бахмутова аталған қызметті қолдану азаматтарға қиын болып жүргенін айтып қалды.

«Алайда бұл қызмет ХҚКО арқылы көрсетіле бастағаннан кейін тұрғындар өз атына аударылған жарналар мен аударымдар туралы мәліметті, сондай-ақ МӘМС жүйесінің қатысушысы деген анықтама қағазын да сол жерден ала алады. Ал жетілдірілген тіркеу қызметі 2018 жылдың үшінші, төртінші тоқсанында пайдалануға берілмек. Нәтижесінде қазақстандықтар емханаға ХҚКО арқылы тіркеліп, қай жерде тіркелгені туралы мәліметті де сол орталықтардан алатын болады. Қазіргі таңда бұл қызметтер онлайн режимде egov.kz порталы арқылы, оффлайн режимде емханаларда көрсетіледі», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер