BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыдағы Ұлттық хирургия орталығында 2 мыңға жуық бірегей ота жасалды

Фото: DalaNews

Астана, BAQ.KZ. Алматыдағы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында осы жылы 2 мыңға жуық бірегей ота жасалды. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтарға жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін бұдан былай шетелге шығудың қажеті жоқ. Алматыда ҚР ДСМ А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында мұндай науқастарға ота жасалынып тұрады. Осы жылы 2 мыңға жуық адамға бірегей ота жасалынды.

2018 жылдың 11 айында жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету (бұдан әрі – ЖТМҚ) аясында А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарымен 2 млрд теңгеден астам соммаға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде 1959 ота жасалынды. Қазіргі заманғы озық технологияларды қолдана отырып, мынадай бейіндер бойынша операциялар жүзеге асырылды: кардиохирургия, микрохирургия, трансплантология, интервенциялық аритмология, гепатобилиарлық хирургия. Ең күрделісі тірі донордан ағзаларды трансплантациялау болып табылады. Бүгінде адамдарды толыққанды өмірге қайтаруға көмектесетін осындай оталар саны жылдан жылға артып келеді.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер ТМККК шеңберінде Қазақстан азаматтарына тегін ұсынылатынын атап өткен жөн. Мемлекет есебінен төленетін бір отаның құны 200 мыңнан 5 млн теңгені құрайды.

А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия орталығы республикалық маңызы бар клиника болып табылады. Аймақтардағы басқа қалалардан келетін науқастарға қызмет көрсету 69 % құрайды. Пациенттер арасында ең үлкен үлес салмағы Алматы облысының тұрғындары – 33,1%, Қызылорда облысынан – 11,5%, Оңтүстік Қазақстан облысынан – 7,0% және Жамбыл облысынан – 6,8% құрайды.

Орталық өз саласында жетекші орынға ие болған еліміздегі және республикадан тыс жерлерде ең заманауи технологиялар бойынша емдеу-диагностикалық көмек көрсетілетін жетекші көпсалалы медициналық мекеме болып табылады. Сондай-ақ, орталықтың өз базасында ғана емес, сонымен қатар өңірлерде де оқыту шеберлік-сабақтарын өткізу жолымен бұл медициналық мекеме кадрлық әлеуетті дамытуды және тәжірибелік медицинаға инновациялық әдістерді енгізуді жүзеге асырады.

Осындай көлемде ЖТМҚ орындау халыққа хирургиялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл қызметтер Қазақстанда көрсетілуінің арқасында науқастарға шетелге шықпай, жергілікті жерлерде толық қызмет көрсету кешенін алуға мүмкіндік берді. ЖТМҚ маңызды мультипликативті әсері бар, өйткені оның есебінен мүгедектікті, өлім-жітімді азайту және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мүмкін болғанын сенімділікпен атап өтуге болады.

Бүгінгі таңда орталықта 128 дәрігер жұмыс жасайды, оның ішінде: 11 медицина ғылымдарының докторы, 22 медицина ғылымдарының кандидаты, 26 жоғары санатты дәрігер, 35 бірінші және екінші санаттағы дәрігерлер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер