BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары» іске қосылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының барлық аудандарында қарттарға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары» 2020 жылдың соңына дейін ашылады. Қазіргі уақытта Алмалы ауданында жұмыс істейтін жалғыз орталық ашылған күннен бастап жарты жыл ішінде шамамен 6 мың адамды қабылдады. Бұл туралы Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.

Қазір бұл жер келушілердің сауалдарына орай кеңейтілуде. Мәселен, орталықта егде жастағы барлық адамдарды қамтитын «Қолжетімділік картасы» арнайы базасын іске қосылған.

«Бұл Алматыдағы қарт адамның жалпы «бейнесін» жасауға көмектесетін әлеуметтік сауалнама. Әрбір сауалнаманы толтырғаннан кейін қалалық билік органдары мен қайырымдылық ұйымдары егде жастағы адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін статистикалық деректерді пайдалана алады. Өйткені, олардың әрқайсысы бір нәрсе үйренуге, яғни пайдалы уақыттарын дұрыс жұмсауға ниет білдіруде», - дейді Орталық директоры Әсия Ақанова.

Сонымен қатар, орталықта ай сайын өтетін «Келіңдер үйленейік» атты демалыс клубы ашылған.
Ә. Ақанованың айтуынша, орталықтың мақсаты - егде жастағы адамдарға сапалы демалу, жаттығу және дене белсенділігін қамтамасыз ету. Бұл жерде, кітапхана, шахмат ойнайтын зал, компьютерлік сауаттылық және смартфондармен жұмыс, сондай-ақ йога мен скандинавтық серуендеу қарастарылған. Айына бір рет зумба және бейнелеу өнерінен сабақтар өтеді. Бұдан басқа, тегін заңгерлік, психологиялық, медициналық кеңестер беру, мотивациялық семинарлар және шеберлік сағаттары өткізіледі екен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер