BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда бауырдың созылмалы ауруларын диагностикалау мақсатында зерттеу өткізілді

Бүгін Алматыда Дүниежүзілік гепатитпен күрес күнінің қарсаңында бауырдың алкогольді емес майлануы ауруын (БАЕМА), метаболизмдік синдромды (көмірсутек-май алмасуының бұзылуын) диагностикалау және аурудың даму қаупінің факторларын анықтау мақсатында Алматы қаласы тұрғындарының арасында өткізілген зерттеудің нәтижелері жарияланған баспасөз шарасы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ДСМ Зерттеу Санофи Қазақстан компаниясының демеуімен, ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ және Бауырды зерттеу бойынша Қазақ Қауымдастығының (БЗҚҚ) бастамасымен жасалды.

Зерттеу екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушыларға БАЕМА және метаболизмдік синдром қаупінің факторларын анықтау мақсатында сауалнамаға қатысу ұсынылды. Одан кейін, екінші кезеңде тәуекел аймағындағы пациенттер қосымша зертханалық-құрал-саймандық тексеруге жіберілді.

«Зерттеуге 450-ге жуық адам қатысты. Нәтижелерге сәйкес тексеруден өткен адамдардың 25,3%-да артық салмақ, семіру, күретамырлы қысымның көтерілуі және т.б. осы секілді 2 немесе одан көп қауіп факторы анықталды. Олардың ішінде көбінесе ер адамдарда кездесетін (55%-да) артық салмақ немесе семіру (43%-ға дейін) анағұрлым маңыздырақ болды. Оған қоса, зертханалық зерттеулер барысында май алмасудың бұзылуы (дислипидемия 84%-ға дейін), бауыр жасушаларында май қыртыстарының пайда болуы (81%-да стеатоз) және бауыр тіндерінің қалыңдап қатаюы (64%-да фиброз) жиі кездесті», - дейді Зерттеу нәтижелерін жоғары дәрежелі дәрігер, м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» гастроэнтерология және гепатология кафедрасының меңгерушісі, БЗҚҚ төрағасы Александр Нерсесов.

Сондай-ақ, профессор Нерсесов тәуекел тобында енжар тынығатын адамдар (30%) көп болғанын, ал қауіп факторлары анықталмаған топта орташа жүктемесі бар адамдар (жүру - 46%) болғанын атап өтті. Осы нәтижелер Алматы қ. халқының арасында бауырдың созылмалы ауруларының таралуы бойынша ағымдағы жағдайды бағалауға мүмкіндік беріп, скринингтің оңтайлы алгоритмін құруға және ауруды азайту бойынша тиімді шаралар қолдануға ықпал етті.

БАЕМА бауыр ауруларының ішіндегі ең кең таралғаны болып есептеледі, себебі ол әлем халқының - 20%-нан бастап 46%-на дейін, ал Қазақстандағы халықтың 40%-нан артығын қамтиды. БАЕМА негізінде дұрыс тамақтанбау және дене қозғалысының аздығы нәтижесінде зат алмасудың бұзылуы жатыр. Осыған байланысты салауатты өмір салты регрессияға ықпал етіп, аурудың бастапқы кезеңдерінде сауығып кетуге әкелетін емделудің негізі болып табылады.
Сондай-ақ, шараға белгілі қазақстандық спортшы, пауэрлифтинг бойынша әлемнің, Азия мен Еуропаның екі дүркін чемпионы, бодибилдинг бойынша ҚР чемпионы Валихан Тен де қатысты. Спорт және тамақтану туралы «Другой ты!» кітабының авторы бола отырып, ол дұрыс тамақтанудың маңыздылығы мен ережелері туралы әңгімелеп, өзінің спорттағы жетістіктерімен бөлісті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер