BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда 7 жекеменшік емханамен толықты

Фото: privateclinic.kz

Алматыда 1 млн 100 мың адам қаладағы 70 емдеу мекемесіне тіркелген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл кезекті медициналық сақтандыру науқанына тағы 7 жекеменшік емхана қосылды. Науқан 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін жалғасады. Емханаға тіркелу әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты арқылы немесе тұрғылықты мекенжай бойынша таңдалады. Дегенмен сақтандыру қорының өкілдері емхананы тұрғылықты жеріне жақын маңнан таңдаған дұрыс дейді. Сонда медициналық әрі санитарлық көмекті жылдам алуға мүмкіндік артады. Екіншіден, отбасылық қызмет көрсету принципіне жүгінген жөн. Егер науқастың ерікті медициналық сақтандыру полисі болған жағдайда ол еліміздің кез келген аймағындағы мемлекеттік емханалардан тегін медициналық көмек алуына құқылы.

«Ал енді тұрғын тарапынан бұл көмекті кезексіз, төтенше қалаған күні алатын бұндай жағдайларда реттіліктері сақталмаған жағдайда ол ақылы көрсетілуі мүмкін. Өзінің тіркелген емханасына емес, басқа емханаға өз еркімен барып одан да алғашқы мед.көмектің көрсетуін сұранатын болса ол да ақылы көрсетіліп қалуы мүмкін. Сондықтан өзі тіркелген, жақын тұратын емханаға келуге біз бүгін ақыл-кеңес беріп отырғанымыз сол», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер