BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде қаңғыбастар жаппай туберкулезге тексеріліп жатыр

Ақтөбеде тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар күшпен бейімдеу орталығына әкелінуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Бүгін қаладағы бейімдеу орталығына ренгтен-аппаратымен жабдықталған көлік келген. Онда дәрігерлер кезекшілігін атқаруда.

Олардың айтуынша, тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтардың бесіншісі құрт ауруына шалдыққан.

«Олар медициналық тексерістен өтпейді, әрі оларды ешкім бақылаймайды. Сондықтан қаңғыбастарды осылай тексеруге мәжбүрміз», - дейді өмірде қиын жағдайда қалған азаматтарды қайта бейімдеу орталығының директоры Сапарғали Дәулетов.

Тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтарды қабылдайтын мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі таңда шаһарда 200-ге жуық қаңғыбас бар.

Егер тексеріс барысында дәрігерлер олардан құрт ауруына шалдыққанын анықтаса, үй-күйі жоқ азаматтар туберкулез диспансеріне емделуге жіберіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер