BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жұмысқа жаяу барамын – Бақыт Сұлтанов

Фото: Turkystan.kz

Бүгін Астана қаласының жаңа əкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен бұрын да жұмысқа таңертең жаяу баратынмын. Қазір де үйім жақын болғаннан кейін жаяу барамын. Бірақ біраз айналып бару қажет. Бұл жаңа жұмысыма, əрине, көмек. Көшелерді аралап келген кезде біраз кемшілікті байқайсың, содан кейін әкімдік қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар бересің. Ал күндіз мәселен жұмыстармен Үкіметке келген кезде таксиге отырамын», - деді Сұлтанов Үкімет кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Қала басшысының айтуынша, бұрынғы әкімдік қабылдаған прогрессивті идеяларды тоқтатуға болмайды, керісінше оларды жалғастыру керек.

«Бірінші міндеттерімнің бірі – жаңа инновациялық, креативті идеяларды тоқтатпай, оларға ары қарай жол ашып, нақты нәтижелерге жеткізу», - деді Астана әкімі.

Еске салсақ, ҚР Президенті əкімшілігіне басшы болып кеткен елорданың бұрынғы əкімі Əсет Исекешев əкімдік қызметкерлерін жеке көліктерінен таксиге отырғызған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер