BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЖІӨ орнықты өсуі 4,1% деңгейінде сақталып отыр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы туралы есеп берді.

«ЖІӨ орнықты өсуі 3 ай бойы 4,1 деңгейінде сақталып отыр. Жоғары инвестициялық және тұтынушылық сұраныс, сондай-ақ экономиканың базалық салаларындағы өндірістік белсенділік экономикалық өсімнің негізгі факторлары болды. Инфляция деңгейі 5-7% аралығында сақталды. Жылдық инфляция 4,6% құрады. Экономиканың өсуіндегі шешуші рөлді негізгі капиталға салынған инвестициялар алып отыр. 2018 жылдың 11 айында олардың көлемі 18,3% өсті. 1 қарашадағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 85,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Ұлттық қордың активтері 0,1% өссе, 56,5 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды», - деді ҰЭМ басшысы.

Ол әр саладағы экономикалық өсімдерге тоқталып өтті.

«Өнеркәсіп өсудің оң қарқынын сақтап отыр. Өңдеу өнеркәсібінің кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда озық өсу қарқындары есебінен өсу 4,5% құрады. Ауыл шаруашылығы жақсы қарқынды көрсетіп отыр. 11 айда өнім шығарылымы 2,9 процент ұлғайды. Өсімнің негізгі салымын мал шаруашылығы қамтамасыз етті. Бұл саладағы өсім – 3,9%. Құрылыс саласы тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Өсу – 3,9 % құрады. Жалпы, қызмет көрсету саласы 4% өсуді қамтамасыз етті және ЖІӨ өсуіне 2,3% тармақ үлес қосты», - деді Тимур Сүлейменов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер