BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Жылды табысты аяқтадық – Сағынтаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жылды қорытындылады.

«Биылғы жылды табысты аяқтап, Елбасы міндеттеген барлық міндеттерді абыроймен орындау үшін біз бар күш-жігерімізді салдық деп есептеймін. Елбасы өзінің БАҚ-қа берген сұхбатында жылды 4%-тік өсіммен аяқтау мүмкіндігіміз барын айтып өтті. 11 айдың қорытындысы бойынша 4,1%-тік қорытындымен аяқтадық. Көптеген жұмыс атқарылды. Сондықтан, Үкімет мүшелеріне, әкімдерге, холдингтер мен компания басшыларына, қоғамдық ұйым басшылары, біздің жұмысымызды жеткізуде белсенді жұмыс атқарған бұқаралық ақпарат құралдарына алғысымды білдіремін», - деді ол.

Осы орайда Үкімет басшысы қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Жаңа 2019 жыл баршамызға табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға жақсылық әкелсін», - деп сөзін түйіндеді премьер-министр.

Айта кетейік, осыған дейін Үкімет басшысының облыс әкімдерінің жұмысын сынға алғанын, әрі әкімдердің өңірлерде еңбек өнімділігін арттыра алмай отырғанын, алдағы жылы коммуналдық тарифтердің төмендейтінін жазғанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер