BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл басынан бері 13 адам балалардың қолынан қаза тапқан

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыс пен олардың алдын алу жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ерекше көңіл аударатын проблема бұл ұрлықтың алдын алу. Ұрлық көлемі әрбір өңірде жалпы қылмыстың 60-70%-ын құрайды. Олар – пәтер ұрлығы, мал, автокөлік, ұялы телефон ұрлығы. Бұл қылмыспен күресу жолында министрлік мақсатты шаралар қабылдауда. Тиісті бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Алайда оған әкімдіктер қолдауы қажет болып жатыр. ұрлықтың алдын алу тек полиция ғана емес, жергілікті органдарды, ұйымдар мен мекемелерді, қоғамдық құрылымдарды және халықты жұмылдыру қажет», - деп атап өтті министр.

Қасымовтың айтуынша, жасөспірімдер қылмысы профилактикасында кемшіліктер аз емес. Жыл басынан бері балалар 1900 қылмыс жасаған, оның ішінде 13 кісі өлтіру, 278 тонау, 46 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 1000-нан астам ұрлық тіркелген. Олардың көбін мектеп гимназия лицей оқушылары жасаған. Сол себепті мекктептегі инспекторлар тәжірибесін дамыту қажет деп отыр ол.

«Қазір мектептерде 2178 инспектор жұмыс істейді. Олар күн сайын мектеп әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен бірлесіп жұмыс атқарады. Қосымша осы қызметңғ тағы 1900 астам қызмет енгізу қажет. Оларды әр мектепке енгізбей балалар арасындағы қылмысты, нашақорлықты жоя алмаймыз. Балалар арасындағы қылмыс профилактикасындағы кәмелетке толмаған қылмыскерлерді арнайы мектепке жібергеніміз дұрыс болар еді. Еліміз бойынша бүгін 500-ден астам балаларды арнайы мектепке жіберу қажет. Бірақ олар әлі де тұрғылықты жері бойынша қалуда. Бұл айналасындағы адамдардың қарсылығын тудырады және осындай балалардың жазасыз қалуына жол береді. Бұл әсіресе құқық бұзушылық жасауға бейім балаларға жағымсыз әсер етеді», - деді ҚІшкі істер министрі.

Қасымовтың айтуынша, жергілікті полицияның профилактика бақылауында 10 мыңнан астам осындай жасөспірім бар. Сондай-ақ 16 мың бала тәрбиеленіп жатқан 12 мыңнан астам қолайсыз отбасы бақылауға алынған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер