BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл аяқталуға 12 күн қалды, ал игерілмеген 800 млрд теңге бар – министр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы министрі Әлихан Смайылов орталық және жергілікті органдарға жыл соңына дейін 12 жұмыс күні ішінде 800 млрд теңгеге жуық қаражатты игеріп үлгеруі қажет екенін ескертті.

«Жергілікті атқарушы органдардың алдын ала ақпаратына сәйкес жыл соңында 1,2 млрд теңге игерілмей қалуы мүмкін. Баяндамамның соңында айтарым, қаржы жылының соңына дейін 12 жұмыс күні қалды. Осы уақыт ішінде орталық және жергілікті органдар әлі де болса 800 млрд теңгеге жуық қаражатты игеріп үлгеруі қажет. Сондықтан осы қалған уақытта осы мәселеге аса үлкен назар аударып,белсенді жұмыс атқару керек», - деді Әлихан Смайылов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі ЖІӨ-нің тұрақты екенін айтқан болатын.Сонымен қатар, экономикалық өсім бойынша артта қалған өңірлер саны артқанын және орташа жалақы 159 мың теңгені құрағанын айтса, Ұлттық банк төрағасы "7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша өтініш мақұлданғанын жеткізген болатын. Ал Смайылов республикалық бюджетке 5 трлн теңге кіріс кіргенін және мемлекет қаржысын игермей отырған әріптестері мен бюджетін толық игере алмай отырған өңірлерді атады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер