BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жекешелендіру: Үш жылда 465 объект сатылды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының ағымдағы нәтижелері туралы және оны аяқтау бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндады.

«Қазіргі уақытта жекешелендірудің кешенді жоспары объектілерінің саны – 922, олардың ішінде 48 объекті Үкіметтің биыл 9 қарашадағы қаулысымен қосымша енгізілді. 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 532 объекті сауда-саттыққа шығарылып, олардың 465-і сатылды. Сату сомасы 296 млрд теңгені құрады. 96 объекті сату алдындағы дайындық кезеңінде тұр. 287 объекті қайта ұйымдастырылуда және таратылуда, олардың 160-ы қайта құрылған және таратылған», - деді министр.

Әлихан Смайылов ҚР Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 7 объектіні жекешелендіру объектілерінің тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Қайта ұйымдастырылатын, таратылатын және жекешелендіру объектілерінің тізбесінен алып тастауға жататын объектілерді қоса есептегенде, жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы бүгінде 88% құрайды.

«2018 жылы сатуға 243 объекті жоспарланды. Іс жүзінде 155 объекті сауда-саттыққа шығарылып, олардың 88-і 117 млрд теңгеге сатылды және 67-сі сауда-саттықта. Тағы 8 объекті ағымдағы жылдың соңына дейін сауда-саттыққа шығарылатын болады. Бұдан бөлек, 56 объекті бойынша қайта құру және тарату туралы, 7 объекті бойынша жекешелендіру объектілерінің тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданды», - деді Қаржы министрі.

Оның айтуынша, сот процестеріне, қаржылық және т.б. қиыншылықтарға байланысты және оңалту рәсіміндегі 17 объектінің сату мерзімін 2019 жылға ауыстыру қажет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер