BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұрланған телефондарды шетелден іздеп табу мүмкін болмақ

Фото: ptzgovorit.ru

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ұрланған ұялы телефондарды шетелден іздеп табу мүмкін болатын бағдарлама әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ұялы телефонға қатысты айтар болсақ, оларды сәйкестендіру шаралары қабылданып жатыр. Ұрланған телефондарды ЖСН, паспорттағы мәліметтерді көрсетпейінше Қазақстанда қосу мүмкін емес. Сол себепті ұрланған ұялы телефондар сыртқа кетіп жатыр. Біз мұны білеміз, алдын алу шараларын қабылдап жатырмыз. Ұрланған телефон қайда, қай елде қосылып, жұмыс істеп жатқанын көре алатын бағдарлама әзірленіп жатыр. Осындай бағдарлама жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады Қасымов.

Министрдің айтуынша, ұрланған ұялы телефондардың 85-87%-і Қазақстанда қосылады.

«Біздің қолымызда талдау бар. Қытайда, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан (ұрланған телефондарды – авт.) көріп отырмыз. Сұрату жіберіп жатырмыз, жұмыс істейтін боламыз. Оларды тіркеу тәртібі болмаса ұрланған телефондардың 85%-і Қазақстанда қолданылады. Бағдарламаны апробациядан өткізіп, басқа елдермен өзара қатынас орнатып жатырмыз», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетсек, бүгін Үкімет отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ұрланған ұялы телефондардың Қырғызстан мен Тәжікстанға жеткізілетінін айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер