BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үкімет басшысы: Көкөністің бағасы шарықтап барады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев азық-түлік тауарларының бағасын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Отырыста Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендету шаралары бойынша есеп берді. Оның айтуынша, 10 өңірде қант бағасы, 11 облыста қырыққабаттың бағасы өскен.

Осы орайда Премьер-министр үкімет мүшелерінің дұрыс жұмыс істей алмай отырғанын айтып, мәселені үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

«Қырыққабат пен қантқа байланысты ғана объективті мәселелер бар. Қалған өнімдер бойынша бағаның өсуі негізсіз. Сіздер «Қорларда қаржы бар. Тұрақтандыру қорында азық-түліктің қоры жеткілікті» деп айттыңыздар. Бәрі жеткілікті, бәрі бар болса, неге баға өседі? Сіздердің тараптарыңыздан бақылау жоқ. Қазіргі таңда қызанақ, қиярдың бағасы шарықтап барады. Оған қарап жатқан ешкім жоқ. Бақылауға алыңыздар», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, осыған дейін биылғы жылу беру маусымында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, Үкімет басшысының облыс әкімдеріне ескерту жасағанын жазғанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер