BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үкімет басшысы: Қаражаты игерілмеген мемлекеттік органдардан ақша қайтарылып алынады

Фото: qazaquni.kz

Астана. BAQ.kz тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қаражатты игере алмаған мемлекеттік органдардан қаржы қайтарылып алынатынын мәлімдеді.

Үкімет басшысы бөлінген қаржыны игеру мәселесі өзекті күйінде қалып отырғанын атап өтті.

«Қазір біз бюджетті қайта қарау мәселесін пысықтап жатырмыз. 9 айдың қорытындысы бойынша игерілмеген қаржының бәрі алынатыны туралы өздеріңізге ескерту жасалған болатын. Осы ұсыныстардың бәрі Қаржы министрі тарапынан берілген. Бюджеттің өзгерістері қаралды. Ертең Парламентте ол туралы баяндалатын болады. Яғни, 9 айдың қорытындысы бойынша қаржыны игермеген әкімшіліктен қаражат қайтарып алынады. Алынған қаржы басқа әкімшіліктердің тарапынан жасалған ұсыныстарға беріледі. Кім игеріп жатыр – соған беріледі. Кім игермеді – олардың бәрінен алынады», - деді ол.

Осы орайда Бақытжан Сағынтаев жыл соңына дейін әлі уақыт бар екенін жеткізді.

«Жылдың соңына дейін әлі үш ай бар. Әр айдың қорытындысы бойынша игерілмеген қаржы осылай алынып отырады. Әлихан Асханұлы (Қаржы министрі – автор), кімдер игермей жатыр – ол мәселені Парламентке бармай-ақ өзіміз шешетіндей мүмкіндік болады. Ал игеруге қажет, сұрап отырған әкімдіктердің қарамағына (қаражатты) өткізетін боламыз», - деді Үкімет басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер