BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тұтынушылардың коммуналдық қызмет үшін берешегі 13 млрд теңгеге жуықтаған

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегін атады.

«Өткен жылдың осындай кезеңінде тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 13 млрд 132 млн теңгені құраған болатын. 2018 жылдың 1-ші желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл берешек 12 млрд 995 млн теңге болады. Яғни, 137 млн теңгеге азайған», - деді Қасымбек.

Министрдің айтуынша, ең көп дебиторлық берешек Шымкент (2 618 млн теңге), Астана (2 455 млн теңге), Алматы қалаларында (1 718 млн теңге) және Маңғыстау (1 581 млн теңге), Қарағанды облыстарында (852 млн теңге) сақталып отыр.

«Әкімдіктер дебиторлық берешекті азайту жұмыстарын бақылауды күшейтулері керек және берешектердің өсуіне жол бермеулері қажет деп санаймыз», - деді Жеңіс Қасымбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер