BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сағынтаев Сүлейменовке арнайы тапсырма берді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев осы аптаның соңына дейін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке ТКШ тарифтеріне қатысты «жедел байланыс» желісін ашу міндетін жүктеді.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласының республикалық мониторингілеу жүйесін құрсын. Мониторингілеу жүйесі жергілікті жерлерде қоғамдық өкілдердің қатысумен жұмыс істеп, халықтың сұранысымен, тариф пен қызмет көрсету сапасымен байланысты барлық мәселелерді қамтуы керек», - деді ол.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке тұрғын үй коммуналдық шаруашылық тарифтеріне қатысты осы аптаның соңына дейін жедел байланыс желісін ашу міндетін жүктеді.

Осыған дейін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тарифтертерді төмендетуге бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырғанын, Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялағанын, бағаны негізсіз өсіруге жол берген монополистерді жазалауды тапсырғанын жазғанбыз.

Айта кетейік, өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың жұмысы сынға алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер