BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сағынтаев министрлер мен әкімдерге қаржыны толық игеруді тапсырды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев орталық және жергілікті орган басшыларына жыл соңына дейін бюджет қаржысын толық игеруді тапсырды.

Бүгін министрлер мен облыс әкімдері Үкімет басшысына мемлекеттік бюджеттің игерілу көрсеткіштері жөнінде есеп берді. Сағынтаев Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа әріпестерінің уәдесін жазып алып, оны орындауды қадағалауды тапсырды.

«Әріптестеріңіздің сөздерін жазып алыңыз. Сценограммада бар. Бірақ сіз ол кісілерге күнде айтып отырасыз. Жыл соңына дейін аз ғана уақыт қалды. Сол себептен қаржының бәрі толық игерілуі қажет», - деді Үкімет басшысы.

ҚР Премьер-министрі 11 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің орындалу көрсеткіштері жаман емес екенін айта кетті.

«Елбасының қойған тапсырмасын орындау үстіндеміз. Өндіріс саласы бойынша сәл кешеуілдік бар, бірақ желтоқсан айында оның бәрі оңалады деп есептейміз. Өйткені, қараша айында «АрселорМиталлдағы» жағдайға байланысты кешеуілдік болды. Бірақ көлік, сауда саласы есебінен жоғары көрсеткішке жетіп отырмыз. Бұл жерде байланыс, құрылыс саласына аса көңіл бөлу керек. Қолда мүмкіншіліктің бәрі бар», - деді Сағынтаев.

Үкімет басшысы жылды Елбасы тапсырмасы бойныша 4% көрсеткішпенен аяқтау қажет екенін ескертті.

«Қаржы министрлігінің баяндамасында көрсетілгендей, 99,6% республикалық бюджетті игеру мүмкіндігі бар. Жергілікті жерлер бойынша 1,5 млрд ақша игерілмеуі мүмкін. Бірақ оны әкімдер толыққанды игеруге мүмкіндік бар деп отыр. Яғни қойылған тапсырма орындалуы қажет. Бір аптадан соң үкіметтің келесі отырысында айылған мәселелер, берілген уәделер әріптестеріміздің тарапынан қалай орындалып жатқаны жөнінде. тағы да бір қорытындысын қарап өтеміз», - деп сөзін түйіндеді Премьер-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер