BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сағынтаев JP Morgan Chase өкілдерімен кездесті

Астана, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев басқарма төрағасы Джейкоб Френкель бастаған JP Morgan Chase International өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында инвестицияларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, компанияның жекешелендіру бағдарламасына қатысуы, соның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысы аясында қатысуы және АХҚО биржасы алаңында ұлттық компанияларды IPO-ға шығару мәселелері талқыланды.

JP Morgan Chase — ғаламшардағы бұрыннан келе жатқан конгломераттардың бірі және инвестициялық әрі коммерциялық банк қызметтері саласының көшбасшысы. 1799 жылы негізі қаланған. Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан, 260 мыңнан астам қызметкері еңбек ететін әлем бойынша офистері бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер