BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Республикалық бюджетке 5 трлн теңге кіріс кірді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылдың 11 айында республикалық бюджетке 5 трлн 254 млрд теңге кірістер түскен. Бұл туралы Қаржы министрі Әлихан Смайылов сейсенбідегі Үкімет отырысында мемлекеттік бюджеттің орындалу көрсеткіштері туралы баяндамасында мәлімдеді.

«Мемлекеттік бюджеттің кірістері жоспардан 102,6%-ке асыра орындалды. Бюджетке 7 трлн 385 млрд теңге қаржы түсті. Бұл 2017 жылдың фактісінен 232 млрд теңгеге көп. Республикалық бюджет кірістерінің жоспары 102,1% және жергілікті бюджеттердің 104%е орындалды. Қаржы министрлігі бірнеше рет жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен қаражаттың игерілу барысын селекторлық кеңестерде талқылады», - деді Қаржы министрі.

Оның айтуынша, осы іс-шаралардың нәтижесінде 2017 жылдың 11 айымен салыстырғанда игеру қарқыны біраз жақсарған. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,1%-ке игерілсе, республикалық – 98,6%, жергілікті бюджеттер 98,2% игерілді.

Сондай-ақ, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Үкіметтің қарауына бюджет заңнамасы шеңберінде республикалық бюджеттің шығыстарын түзету туралы тиісті қаулы енгізілді.

«Есепті кезеңдегі басты жетістіктердің бірі – тиімді процентпен еурооблигацияларды шығару болды. Ол бюджет тапшылығын қаржыландыруға және Үкіметтің сыртқы қарыздарына диверсификация жасауға мүмкіндік береді», - деді Смайылов.

11 айда республикалық бюджетке 5 трлн 254 млрд теңге кірістер түскен. Шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтардың жылдық жоспары 109 млрд теңгеге және 38 млрд теңгеге асыра орындалған. Кірістердің өсу қарқыны 120% құрап, былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бюджетке 873 млрд теңге көп түсті. Олар негізінен салықтардың есебіне келеді», - деді Қаржы министрі.

Ол салықтардың өсуіне біріншіден, экономиканың жекелеген салаларындағы тауарлар өндіру мен қызметттер көрсетудің көлемінің ұлғаюы әсерін тигізгенін атап өтті. Екіншіден, негізгі экспорттық позициялар бойынша бағаның және мұнайдың, АҚШ долларының орташа бағасының өсуі де себеп болса, үшіншіден, салықтық және кедендік әкімшілендіру жақсарған. Оның ішінде, «Салықтарды жинауды көбейту» жобасы бойынша бюджетке 91,5 млрд.теңге кірістер түскен.

«Кірістердің, оның ішінде салықтардың ай сайынғы орындалу серпінін ескере отырып, жыл соңында республикалық бюджеттің таза кірістері шамамен 103% орындалады деп күтілуде»,- деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі ЖІӨ-нің тұрақты екенін айтқан болатын.Сонымен қатар, экономикалық өсім бойынша артта қалған өңірлер саны артқанын және орташа жалақы 159 мың теңгені құрағанын айтса, Ұлттық банк төрағасы "7/20/25" бағдарламасы бойынша қанша өтініш мақұлданғанын жеткізген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер