BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Премьер-министр полицияны ЭКСПО кезіндегідей жұмыс жасауға шақырды

Фото: prodengi.kz

Бүгінгі Үкімет отырысында елдегі жергілікті полиция жұмысы қаралып, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев саладағы жұмыстардың тиісті түрде атқарылмай келе жатқанын сынады. Үкімет басшысы Астана бойынша қылмыс көрсеткіші жоғары екенін баса айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2018 жылдың 8 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 30%, мас күйде жасалған қылмыстар 22,6%, тұрмыстық қылмыстар 22% алаяқтық 26%, қарақшылық 21%, бопсалау 38,5% өскені байқалып отыр. Не жауап бересіз?», - деді Сағынтаев Астана ІІД басшысы Марат Қожаевқа.

Премьер-министр елордадағы қылмыстық жағдай тұрақты деп есеп бере бастаған ІІД басшысының сөзін бөлді.

«Қалай тұрақты? Азаматтардың 22,6% проценті елордада көшеде мас болып жүр», - деді Сағынтаев.

ІІД басшысы бұл бағытта жұмыстар белсенді атқарылып жатқанын алға тартып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде мас күйінде қылмыс жасаған 4 мыңға жуық адам ұсталса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 5 300 жеткен.

«Астананың қылмыс деңгейін 10 мың адамға шағып санаса, ол былтырғыдан 31% төмендеді. Егер, былтыр 10 мың адамның 358-і қылмыс жасаса, биыл 248 қылмыс жасалып отыр», - деген Қожаев жағдайды жақсартуға уәде етті.

ІІД өкілі елордадағы қылмыс көрсеткіші деңгейін 2019 жылға қарай едәуір төмендетуге қол жететініне сенім білдірді.

«Былтыр ЭКСПО көрмесі өтті. Үш айдың ішінде біз қандай жұмыс атқардық? ЭКСПО аумағында болсын, қала аумағында болсын, ешқандай айқай-шу, ұрлық, қылмыс болған жоқ. Бар күшті жұмсап, тып-тыныш өтті. Қаласақ, жасай аламыз ғой. Мәселе өңірлерден қосымша адам күшін тартуда болып отырған жоқ. Мәселе, жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып жүргізуде болып отыр. Қалыптасқан тәжірибені одан әрі жалғастыруға болады ғой», - деді Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер