BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Орташа жалақы 159 мың теңгені құрады - ҰЭМ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы қаңтар-қазанда елімізде орташа айлық жалақы 159,5 мың теңгеге дейін ұлағайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында 2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы туралы баяндамасында мәлімдеді.

«Еңбек нарығында жағдай тұрақты. 2018 жылдың басынан бері 468 мың адам жұмысқа орналастырылды. Қазанда жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендеді. Жалақы қарқынды өсіп келеді. Осы жылы қаңтар мен қазан аралығында орташа айлық жалақы 159,5 мың теңгеге дейін ұлғайды. Нақты көріністе 2,2% өсті. Өңірлік бөліністе халықтың нақты ақшалай табыстары жөнінде осы жылдың қорытындылары бойынша ақпарат шыққаннан кейін баяндалатын болады», - деді Тимур Сүлейменов.

Еске сала кетейік, министр бұған дейін ЖІӨ-нің тұрақты екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, экономикалық өсім бойынша артта қалған өңірлер саны артқанын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер