BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы мемлекеттік мәртебе алды

Фото: alau.kz

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру мен оны өзектендіру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өңірлерді жүйелі дамыту мақсатында 2014 жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы қабылданды. Бірыңғай бағдарламаға «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту», «Ақ бұлақ», «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламаларының ережелері, сондай-ақ шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жобасы біріктірілді», - деді Сүлейменов.

Бағдарлама шеңберінде 4 нысаналы индикаторға, 12 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу және 100 іс-шараны орындау көзделген. Бағдарламаны іске асыруға 2015-2017 жылдары 1,2 трлн Теңге бөлінген. Игерілу 1,17 трлн. теңгені немесе 99,1%-ды құрады. 2018 жылға 194,3 млрд теңге бөлінсе, 8 айда 75,6 млрд тенге игерілді.

Оның айтуынша, бағдарламаның барлық нысаналы индикаторлары орындалып жатыр.

«Өткен жылы жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесі бекітілді, оған сәйкес барлық үкіметтік бағдарламаларды мемлекеттік бағдарламалар мәртебесінде бекіту қажет. Осыған байланысты қолданыстағы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі үкіметтік бағдарламасының міндеттерін, нысаналы индикаторларын, нәтижелер көрсеткіштерін және іс-шараларын өзектілендіре отырып, Мемлекеттік бағдарлама ретінде қайта форматтау бойынша жұмыс жүргізілді», - деп атап өтті Сүлейменов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер