BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Он айда 42 млрд теңге көлемінде микрокредит берілді - Әбілқасымова

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін бейсенбіде өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасыны жобасының жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін екінші бағыты туралы баяндады.

«Ауылдарда және қалаларда микрокредит беру шеңберінде қазандағы жағдай бойынша 42 миллиард теңге немесе жылдық жоспардың 68%-ы, оның ішінде ауылдарда 31 миллиард теңге және қалаларда 11 миллиард теңге игерілді. Жыл басынан бері барлығы 9 801 микрокредит берілді немесе жылдық жоспардың 70%-ын, оның ішінде ауылдарда – жылдық жоспардың 80%-ын, қалаларда – жылдық жоспардың 34%-ын құрайды», - деді министр.

Берілген микрокредит Start-up жобалары бойынша 69%, якорлы кооперацияны дамыту бойынша 6%-ды, өз ісін кеңейту бойынша 25%-ды құрайды. Микрокредит алғандар қосымша 9 117 жұмыс орнын құрды. Өңірлер бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарында, Астана және Алматы қалаларында микрокредит беру көрсеткіші 50%-дан төмен екенін.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша ағымдағы жылғы 10 айда 24 мың адам немесе жылдық жоспардың 84%-ы оқытылды, оның ішінде 16 мың қатысушы бизнес-жобаларын қорғап шықты, 5 мың адамға микрокредит берілді», - деді Әбілқасымова.

Ол микрокредиттерді соңғы қарыз алушыларға жеткізуді тездету үшін Мемлекеттік бағдарлама жобасында келесі өзгерістер көзделгенін атап өтті.

Біріншіден, ауылдарда якорлы кооперацияны дамыту үшін микрокредит мөлшері 5-тен 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылды.

Екіншіден, якорлы кооперация қатысушыларына, ауылдардағы және шағын қалалардағы жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге жұмыс орындарын құру бойынша қойылатын талаптар жеңілдетілді.

Үшіншіден, Бағдарламаға қатысушылар саны жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлермен толықты.

Төртіншіден, салық органдарында тіркелу мерзімі үш жылдан астам уақытты құрайтын якорлы кооперацияға қатысушы кәсіпкерлерді кепілдендіру нормасы қосылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер