BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда электронды визалар іске қосылады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

СІМ басшысы Елбасы таяудағы Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық дипломатиялар саласына тікелей қатысты нақты міндеттер қойғанын және олар шикізаттық емес экспортты қолдау, белсенді сауда саясаты, шетелде қазақстандық бизнесті ілгерілету, инвестицияларды, технологияларды және үздік әлемдік тәжірибені тарту, туризмді дамыту екенін айтты.

«Министрлік инвестициялар тартуға және өз өнімдерін экспортқа шығаруға мүдделі отандық компанияларға тікелей көмек көрсетуді жалғастыруда. Шағын және орта бизнеске экономиканың ең маңызды драйвері ретінде ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіпкерлерге экспорттық нарықтағы ерекшеліктер туралы бағдар беруіміз қажет. Ол үшін біздің министрлік «Атамекен» палатасымен бірлесіп, кедендік, салалық және басқа да рәсімдердің ерекшеліктерін айқындайтын шетелдік нарықтар бойынша жолкөрсеткіш әзірлеуді қарастыруда. Қазақстанның инвестициялық ахуалы туралы айтқанда қолайлы визалық саясатты қалыптастыру жөніндегі белсенді жұмыстарға назар аударылып отыр», - деген министр бүгінде бірқатар елдер үшін визасыз режим енгізілгенін атап өтті.

Әбдірахмановтың айтуынша, қазіргі уақытта 20 елмен өзара визасыз режим жұмыс жасауда.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында біз халықаралық тәжірибені қарастырдық. Осы жылы бірқатар елдер үшін электронды визалар жөніндегі пилоттық жоба енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ведомство басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер