BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Қырғызстан премьерлері телефон арқылы сөйлесті

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстан Премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев телефон арқылы сөйлесті.

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Премьерлер телефонмен әңгімеде Еуразия экономикалық одағы аясында ынтымақтастық орнату мәселесін талқылады.

Сағынтаев пен Абылгазиев өзара сауда-саттықтағы кедергіні жоюдағы мәселелерді оңтайлы шешу үшін екіжақты тығыз қарым-қатынас орнату қажетін айтқан.

17 тамызда Астанада Қазақстан мен Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің жетінші отырысы өткен. Жиында Сағынтаев Қазақстан Қырғызстанмен экономикалық және тату көршілік қатынасты нығайтуға ерекше көңіл бөлетінін мәлімдеген. Абылгазиев Қырғызстан Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетінін айтқан. Оның сөзінше, екі ел арасындағы тауар айналымын миллиард долларға жеткізу керек.

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы 2019 жылы Бішкекте өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер