BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан инвестиция тартуда Орталық Азияда көш бастап тұр – министр

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкіметтің кезекті отырысында айтты.

«Қазіргі таңда Қазақстан – Орталық Азиядағы тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы ел. Оның үлесі шамамен 70%-ды құрайды. Биыл 9 айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21,6%-ға артып, 7,5 трлн. теңгені құрады (2017 жылдың 9 айы бойынша - 5,7 триллион теңге). Тау-кен өнеркәсібінде (41,4%-ға), құрылыста (37,1% -ға) және өңдеу өнеркәсібінде (26,4%) өсім байқалады. Республикалық деңгейде инвестициялардың басым бөлігі Атырау (35,8%), Астана (9,2%), Алматы (6,5%) сияқты өңірлерге тиесілі», - деді министр.

Министр инвестициялар өсімі байқалған аймақтарды да атап өтті.

«Инвестициялардың өсімі көптеген өңірде байқалады. Солардың ішіндегі үш көшбасшы өңірге Шымкент қ.– 2,8 есе, Атырау - 35,6% және Қарағанды облысы - 28,5% жатады. Алматы (0,5%) мен Жамбыл (3,4%) облыстарында Инвестиция өсімі азайған, ал, Түркістан (9,2%) облысында төмендеу байқалды. Алайда, бүгінгі күні Түркістан аймағына объективті баға беру қиын. Өйткені, өткен жылы базада Шымкент қаласы қамтылған болатын», - деп атап өтті Қасымбек.

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 15,4%-ға ұлғайып, 12,3 млрд. долларды құрады (салыстыру үшін: 2017 жылдың І жартыжылдығында 10,5 млрд. АҚШ долларын құрады).

Қазіргі уақытта трансұлттық компанияларды тартуға байланысты жалпы құны 1,4 млрд болатын 12 жобаны іске асырып жатыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлт жоспары - 100 нақты қадам аясында министрлік трансұлттық компанияларды (ТҰК) тарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Шамамен 10,6 млрд. доллар болатын 34 жобадан Трансұлттық компания жобаларының тізімі жасалды. Жалпы сомасы 1,4 млрд. доллар болатын 12 жоба іске асырылу сатысында, биыл оның ішіндегі құны 1 млрд. доллар болатын 8 жоба қарқынды түрде іске асырылуда», - дейді ведомство басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер