BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақавтожол» жыл соңына дейін сатылымға шығарылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақавтожол» ЖШС 2018 жылдың 28 желтоқсанына қарай сатуға шығарылады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша биыл 58 топ объектінің 34-і сауда-саттыққа шығарылып, олардың 18-і сатылған. Сату сомасы – 136 млрд теңге.

«Бір объект осы жылдың 28 желтоқсанына қарай сатуға шығарылатын болады. Ол – «Қазақавтожол». 3 топ объекті Мемлекеттік комиссияның шешімі негізінде тізбеден алынып тастауға жатады, 1 объект – таратылуда. 10 топ объектісін сату мерзімі Мемлекеттік комиссияның шешімімен 2019-2020 жылдарға белгіленген. Тағы 9 объектіні сату мерзімі орынды негіздемелерге байланысты 2019-2020 жылдарға ауыстырылуға жатады», - деді Әлихан Смайылов.

Еске сала кетсек, Қаржы министрі 2019 жылы сатуға шығарылатын объектілер туралы айтқан болатын.

«Қазақавтожол» негізгі міндеттері – жол саласында бірыңғай техникалық және нормативтік саясатты жүзеге асыру, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жүйесін және оның бойындағы құрылыстарды басқару, жолдардың құрылысы мен жөндеудің барлық түрлеріне тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асыру.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр «Самұрық-Қазынаның» ірі компаниялары сатуға шығарылатыны туралы айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер