BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Экономикалық өсім бойынша артта қалған өңірлер саны артты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында 2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы бойынша артта қалған өңірлерді атады.

«Жалпы алғанда экономикадағы оң өзгерістер аясында кейбір өңірлерде жағдай тұрақсыз болып қалуда. Өнеркәсіп саласында Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары артта қалып отыр. Бұл өңірлерде мұнай, газ конденсатын және уран кенін өндіру қысқарды», - деді министр.

Сүлейменовтің айтуынша, бұл ретте өнеркәсіпте ең жоғарғы өсім Атырау облысында, Астана қаласында, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалып отыр.

«Ауыл шаруашылығы бойынша БҚО басқа барлық өңірлерде өсім байқалады. Бұл өңірдегі төмен өсім астық жинаудың азаюымен байланысты. Құрылыс бойынша 4 өңір теріс аймақ қатарында қалуда. Жалпы алғанда негізгі капиталға инвестициялардың өсуіне қарамастан, артта қалған өңірлердің саны 1-ден 4-ке дейін өсті. Бұл Павлодар, Алматы облыстары, Астана қаласы және СҚО. Бұл аймақтарда төмендеу өткен жылы жоғары базамен байланысты», - деді ол.

Еске сала кетейік, министр бұған дейін ЖІӨ-нің тұрақты екенін айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер